Әріптестер пікірі
ОСПАН ДИНАШ БЕКТЕНҚЫЗЫ
Абай атындағы РММИ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, Яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жаксы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Себебі ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселерін шеше білетін білімді де білік ұрпақты тәрбиелеу тұғыры биік ұлағатты ұстаздардың қолында. Бір ұжымда еңбек ету барысында Гульмира Кадрбекқызының кәсіби құзыретті маман екендігі байқалды.
Мұғалімге қажетті кәсіби-педагогикалық қасиеттер Гульмира Кадрбекқызының бойынан табылады. Өзі оқытатын пән аясында мол біліммен қаруланғаны, интеллектуалды, педагогикалық теорияны жақсы меңгергені, педагогикалық психология мәселелерін үнемі ескеріп отыратын ұстаз екендігі, педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыру бағытына ақылшы, білім беру жүйесінің өзгерістеріне өзіндік ой-пікірімен қарап, инновациялык педагогикалық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін тиімділігіне қарай талғаммен екшеп, сабақ үдерісінде сол әдістердің тиімділігіне кол жеткізуге ұмтылыс жасайтыны аңғарылады. Өзін-өзі кәсіби жетілдіріп отыратынын білім саласындағы жаңа бастамаларға белсенді қатысатыны айғақтайды.
Ең бастысы, ұстазбен жұмыс істеу барысында оның педагогикалык үдерістегі талап пен талғамды танып, өзгерген заманның сұраныстарына лайық оқыту әдістерімен қаруланған, әсіресе, педагогикалық тәжірибесінің молдығы танылды
Тайғарина Гульмира ұлттық рухы жоғары, шығармашыл, жаңалыққа жаны құштар, еңбекқор ұстаз.
Мұғалімнің рухани-адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуы оның интеллектуалды, танымдық мүмкіндіктерінен кем түспейді. Осы тұрғыдан келгенде, ұстаздың өз ісіне адал, қайырымды, иманды, қоғамдық іске ықыласты, сезімтал, табанды болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін толықтыра, кемелдендіре түседі.
Оқушыларға сапалы білім мен кәсіби құзіреттілік қалыптастыру, жаңа технологияларды дәстүрлі құндылықтармен ұштастыру, саналы көзқарас пен кәсіби шыңдау ұстаздың басты қағидасы.
ГҮЛБАНУ МАХАМБЕТОВА ЖАНБЕКҚЫЗЫ
Абай атындағы РММИ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тайгарина Гульмира Кадрбековна өз мамандығына шынайы берілген, кәсіби тәжірибесі мол ұстаз. Ол оқыту үдерісінде заманауи әдістемелерді тиімді қолданып, әр сабағын жоғары деңгейде ұйымдастырады. арқасында Пәнді терең меңгергендігінің оқушылардың ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сабақ мақсатын нақты айқындап, күрделі сұрақтарды өткен білімге сүйене отырып түсіндіру арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін жандандырады. Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын меңгеріп, шебер сұрақ қою арқылы білім алушылардың оқу материалының мәнін терең ұғынуына жағдай жасайды.
Оқушылардың 03 бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға жүйелі түрде назар аударады. Логикалық ойлау қабілетін дамытып, тәжірибелік тапсырмаларды тиімді пайдалану арқылы әр сабақтың нәтижелілігін қамтамасыз етеді. Педагогтың жанашырлығы мен кәсіби жауапкершілігі оның оқушыларының жетістіктерінен де көрініс табады. Мысалы балалар үйінің тәрбиеленушісі Хомутсов Василийді ҰБТ-ға дайындап, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетіне грантқа түсуіне ықпал етті. Сонымен бірге шәкірттері республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық сайыстардан жүлделі орындарға ие болып жүр. 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Мұхтар Еңлік ІІІ дәрежелі диплом иеленсе, халықаралық XXVI "Абай оқуларында" Жаныбекқызы Кәусар І дәрежелі дипломға ие болды.
Гульмира Кадрбековнаның кәсіби шеберлігімен қатар, әріптестер, ата-аналар және оқушылар арасындағы беделі де зор. Оның тұлғалық касиеттері мен іскерлік қабілеті ұжым тарапынан үнемі жоғары бағаланып келеді.
МАЛИК МАЙРА МАЛИКҚЫЗЫ
Абай атындағы РММИ
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Еліміз егемендік алғалы бері жас ұрпаққа жан-жақты білім, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары қарастырылып, іске асуда. Әсіресе, акпараттық қоғам мен әлемдік нарықтың қарқынды дамуы жағдайында, Қақстанның әлемдік деңгейдегі орнын, экономикасын жан-жақты зерттеп, мәні мен мағынасын ашуда және қоғамда өмір сүріп отырған оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалімнің алар орны ерекше. Осында ұлағатты іс тындырып жүрген жандар қатарына әріптесім Тайғарина Гүлмира Кадрбекқызы да бар.
Тайғарина Гүлмира Кадрбекқызы өз пәнін жетік білетін, жаңа технологияны меңгеріп, ақпараттық жаңалықтарды өз сабақтарында ұтымды да тиімді пайдаланатын жаңашыл, еңбекқор, ізденгіш мұғалім. Бұл ұстазга тән қасиеттер: терең теориялық білім, жан-жақтылық, көп қырлылық, еңбексүйгіштік, табандылық пен төзімділік, парасаттылық.
Шәкірттерін өз пәніне қызықтырып қана қоймайды, оларға терең де тиянақты, сапалы да, саналы білім беретін білікті ұстаз қашанда әрбір сабағы жан-жақты ұйымдастырылған, мақсаты айқын. Білім игерту мен меңгерудің сан алуан жолдарын тапқан әдістеме мен ұстаз шеберлігі үйлескен, үндескен шығармашылықпен жұмыс жүргізеді. Заман талабына сай, отансүйгіш, патриот, білікті де білімді, бүгінгі өмірге бейім, жан-жақты шәкірт тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Осындай қасиеттерге ие ұстаздың кол жеткен табыстары мен жетістіктері, еңбегінің үлкен нәтижесін мақтанышпен айтуға тұрарлық.
Тайгарина Гүлмира Кадрбекқызы өз әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеп, теорияны практикамен ұштастыра білетін және қоғам мен адам алдындағы жуапкершілігін терең түсінетін сезімтал жан. Осындай әріптесімнің болғанына қуанамын және Гүлмира Кадрбекқызының алдағы істеріне сәттілік тілеймін!
АТА-АНА ПІКІРІ
Карабаева Лазат
Тайгарина Гульмира Кадрбековна – өз саласының шебері, кәсіби маман әрі білікті ұстаз. Ата-ана ретінде Гульмира Кадрбековнаға ерекше алғыс білдіремін!
Ең әуелі, пән мұғалімі ретінде білімі мен әдістемелік шеберлігі оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуына ықпал етті. Қызымның қазақ тілі мен әдебиетіне деген потенциалын байқап, оны дамытуға зор үлес қосты. Білімді қазына десек, сол қазынаның кілтін аша отырып, шәкірттерге шамшырақ болуда. Соның нәтижесінде, балаларымыз ғылыми жобалар мен республикалық олимпиадаларда топ жарып, жүлделі орынға ие болды.
Екіншіден, сынып жетекші ретінде оқушылардың тек білімін ғана емес, тұлғалық қасиеттерін де дамытып, ұйымшылдыққа, тәртіпке, еңбекқорлыққа баули білді. Баланың болашағына бағыт-бағдар беріп, ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасады. Ата-аналармен жиналыс барысында оқушы көрсеткіші мен оқу процесінен толық ақпарат беретін. Бұл - ұстаз, ата-ана, бала арасында көпір орнатуда тиімді әдіс деп білемін.
Үшіншіден, ҰБТ-ға дайындау барысында жүйелі дайындық жүргізіп, оқушыларға таңдау жасауда кеңес берді. Соның арқасында балаларымыз жоғары ұпай жинап, еліміздегі беделді оқу орындарына грантқа түсті. Түлектердің мемлекеттік грантқа түсу - мұғалімнің білім беру ісіне деген жауапкершілігінің және оқушыға деген жанашырлығының жемісі. Жоғары көрсеткіш пен сапалы білім үшін Гульмира Кадрбековнаға көп рақмет!
Ұстаз - ұлы есім, сыйлы мамандық. Қызымның осындай мықты ұстаздан білім алғанына, қуаныштымын! “Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы” дейді. Қызымның Гульмира мұғалімнен алған өнегесі мен білімі асар асуының бір бөлшегі боларына сенімдімін!